БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы үздік сегіз команданың қатарына енді.

Қазақстандық спортшылар ширек финал жолдамасы үшін өткен плей-офф кезеңінің шешуші кездесуінде Ирак құрамасын 3:0 есебімен жеңді.

Осылайша, ұлттық құрама құрлық біріншілігінің ширек финалына шығып, жүлделі орындар үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік алды. Келесі кезеңде қазақстандық үстел теннисшілері Жапония құрамасына қарсы ойнайды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Филиппинді 3:0, Шри-Ланканы 3:1 есебімен ұтқан болатын. Ал плей-офф кезеңінде Малайзия құрамасын 3:0 есебімен жеңді.

Азия чемпионатында Қазақстан намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Санжар Жұбанов, Айдос Кенжіғұлов және Ескендір Харки қорғап жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button