ТАЕКВОНДО
Қазақстандық таеквондошылар Оңтүстік Кореядағы Гран-при кезеңіне қатысады

Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтетін әлемдік Гран-при кезеңінде бақ сынайды.
5 қыркүйекте басталатын халықаралық жарыста Қазақстан атынан алты спортшы өнер көрсетеді.
Ерлер арасында Дамир Шуленов пен Ергеш Бекасыл жүлдеге таласады. Әйелдер бәсекесінде Айдана Құмартаева, Нодира Ахмедова, Мария Севостьянова және Нұрай Хусаинова ел намысын қорғайды.
Таеквондодан әлемдік Гран-при кезеңі 7 қыркүйекте мәресіне жетеді.



