Қазақстанның 24 семсерлесушісі U23 Азия чемпионатында бақ сынайды

Бахрейннің Манама қаласында 28 қазан мен 2 қараша аралығында семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтық додаға Қазақстан атынан 24 спортшы қатысады.
Қазақстан құрамасы шпага, сабля және рапира бойынша сынға түседі. Әр қару түрінен сегіз спортшы ел намысын қорғайды.
Шпага бойынша Қазақстан құрамасы:
-
Кирилл Проходов
-
Богдан Лукин
-
Георгий Тинников
-
Михаил Кузьмин
-
Каролина Фомина
-
Наталья Зинякова
-
Мария Лесовская
-
Полина Лесовская
Сабля бойынша Қазақстан құрамасы:
-
Қуаныш Ерғашбай
-
Қайназар Нұрқатұлы
-
Бексұлтан Абжал
-
Ерхан Қараман
-
Қайша Жәнібек
-
Полина Ко
-
Диляра Исабекова
-
Адема Серікбай
Рапира бойынша Қазақстан құрамасы:
-
Ғалым Нұрымов
-
Тимофей Семенов
-
Мансұр Естеу
-
Евгений Токанов
-
София Актаева
-
Алена Гноева
-
Алина Искандерова
-
Ксения Андреева
Осылайша, қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында қарудың барлық үш түрінен жүлделі орындарға таласады.
Манамадағы U23 Азия чемпионаты 28 қазанда басталып, 2 қарашада мәресіне жетеді.



