ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Мария Севостьянова Париждегі таеквондо Гран-приінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошы Мария Севостьянова Франция астанасы Парижде өткен Гран-при сериясының кезеңінде үшінші орын иеленді.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз турнир барысында үш жекпе-жекте жеңіске жетіп, жартылай финалға дейін барды.

Алғашқы айналымда Севостьянова Қытай Тайбэйінің өкілі Вэй Чунь Линьді 2:0 есебімен жеңді. Келесі кездесуде Венгрия спортшысы Лука Патакфалвиден де дәл осындай есеппен басым түсті.

Ширек финалда қазақстандық таеквондошы Өзбекстан өкілі Мадина Мирабзаловаға қарсы өнер көрсетіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал финал жолдамасы сарапқа салынған жекпе-жекте Мария Севостьянова бразилиялық Мария Клара Пачекоға 0:2 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының спортшысы Париждегі жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, таеквондодан Гран-при сериясының финалы 27-29 қараша аралығында Астана қаласында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button