ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Қазақстандық үш таеквондошы Париждегі Гран-при кезеңінде бақ сынайды

9-11 қазан күндері Франция астанасы Парижде таеквондодан Гран-при сериясының биылғы маусымдағы соңғы кезеңі өтеді.

Халықаралық турнирде әлемнің үздік таеквондошылары жүлделі орындар мен рейтингтік ұпайлар үшін сынға түседі.

Қазақстан атынан жарысқа үш спортшы қатысады. Атап айтқанда, 49 келіге дейінгі салмақта Айдана Құмартаева, 57 келіге дейінгі салмақта Мария Севостьянова және 67 келіден жоғары салмақта Назым Махмұтова ел намысын қорғайды.

Париждегі бәсеке Гран-при сериясының қорытынды кезеңі болғанымен, маусымның басты жарысы әлі алда.

Таеквондодан Гран-при финалы 27-29 қараша аралығында Астана қаласында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button