БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстан U19 әлем чемпионатында финалистер саны бойынша үздік үштікке енді

Қазақстан құрамасы Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында финалға шыққан боксшылар саны бойынша үшінші орынға тұрақтады.

Жартылай финалдық кездесулердің қорытындысында Қазақстанның төрт өкілі алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Бұл көрсеткіш бойынша ұлттық құрама Қытаймен бірге үшінші орынды бөлісіп отыр.

Финалистер саны жөнінен Ресей құрамасы көш бастап тұр. Ресейдің он боксшысы шешуші жекпе-жектерге жолдама алған. Ал алты спортшысын финалға шығарған Өзбекстан екінші орында орналасқан.

Қазақстан атынан әлем чемпионы атағына Бибарыс Әшірбай (70 келі), Алина Құдайгенова (57 келі), Зарина Толыбай (+80 келі) және Владислав Саможонов (+90 келі) таласады. Төртеуі де жартылай финалда қарсыластарын жеңіп, кемінде күміс медальді қамтамасыз етті.

World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан U19 әлем чемпионаты 16 қазанда басталды. Турнир 27 қазанда финалдық жекпе-жектермен аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button