ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Михаил Шайдоров Франциядағы Гран-при кезеңінде оныншы орын алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Францияның Анже қаласында өткен 2026/27 жылғы Гран-при сериясының алғашқы кезеңін оныншы орынмен аяқтады.

Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Шайдоров 206,55 ұпай жинады. Қысқа бағдарламада 80,25 ұпаймен төртінші орынға тұрақтаған қазақстандық спортшы еркін бағдарламада 11-нәтиже көрсетіп, жалпы есепте оныншы орынға сырғыды.

Жарыстың жеңімпазы Франция өкілі Адам Сяо Хим Фа атанды. Ол екі бағдарламаның қорытындысында 284,24 ұпай жинады. Күміс медальді жапониялық Као Миура (247,96 ұпай) иеленсе, Оңтүстік Корея спортшысы Минкю Со (244,90 ұпай) қола жүлдегер атанды.

Франциядағы турнир 2026/27 жылғы мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының алғашқы кезеңі болды. Биылғы маусымда барлығы алты кезең өткізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button