
Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Төлеуғали Қытайлық Тайбэй өкілі Хун Цзюнь-имен кездесті.
Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша қарсыласы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Осылайша, Батырхан Төлеуғали 2026 жылғы Азия ойындарын қола медальмен аяқтады.
Фото: Арлан Олжабай



