
Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.
58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Тілеулес Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.
Қазақстандық спортшы бірінші раундта 16:14 есебімен басым түсті. Екінші раундта Тілеулес қарсыласына мүмкіндік бермей, 15:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, финалдық жекпе-жек 2:0 есебімен аяқталды.
Тамирлан Тілеулестің бұл жеңісі Қазақстан таеквондосы үшін тарихи нәтиже болды. Қазақстан құрамасы Азия ойындарында таеквондодан алғаш рет алтын медаль жеңіп алды.
Фото: Арлан Олжабай



