ХОККЕЙ
Қазақстан хоккей құрамасы Словенияны жеңіп, әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда

Қазақстан ерлер хоккей құрамасы IA дивизионындағы әлем чемпионатына дайындық аясында Словения құрамасына қарсы жолдастық матч өткізді.
Қазіргі таңда ұлттық команда Польшада өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында дайындалып жатыр. Бұл жиын алдағы әлем чемпионаты алдындағы соңғы кезең саналады.
Словенияға қарсы өткен кездесуде қазақстандық хоккейшілер 2:1 есебімен жеңіске жетті. Біздің құрама сапынан Дмитрий Бреус пен Роман Старченко мергендік танытты.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 2–8 мамыр аралығында Польшаның Сосновец қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы турнирде Франция, Польша, Украина, Жапония және Литва құрамаларына қарсы ойнайды.
Бұл додада элиталық дивизионға берілетін жолдамалар сарапқа салынады.



