
Қазақстан әйелдер құрамасы 15-18 қазан аралығында Жапонияның Саппоро қаласында өтетін хоккейден Азия чемпионатына қатысады.
Құрлықтық біріншілікте Қазақстан, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея құрамалары өзара мықтыны анықтайды.
Турнир айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылады. Әр құрама үш кездесу өткізіп, қалған қарсыластарының әрқайсысымен бір рет ойнайды.
Қазақстан құрамасы алғашқы матчын 15 қазанда жарыс қожайыны Жапонияға қарсы өткізеді. Одан кейін 17 қазанда Қытаймен кездессе, 18 қазанда Оңтүстік Корея құрамасымен ойнайды.
Азия чемпионатының қорытындысы командалардың үш кездесуде жинаған ұпайлары бойынша анықталады.



