
Astana Team командасы шайбалы хоккейден Италияның Аоста қаласында өткен халықаралық турнирде бірінші орын иеленді.
Жарыс 30 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтті. Турнирге Канада, АҚШ, Франция, Швейцария, Венгрия, Нидерланды, Италия және Польша командалары қатысты.
Финалдық кездесуде қазақстандық команда Польша өкілдерін 5:0 есебімен ірі жеңіске ұшыратып, чемпион атанды.
Айта кетейік, Astana Team құрамасы турнирге Владимир Захаров пен Эдуард Мазулдың жетекшілігімен қатысты. Команда сапына Қазақстанның әр өңірінен шақырылған ойыншылар енген.



