
Қазақстанның әйелдер хоккей құрамасы Жапонияның Саппоро қаласында өткен Азия чемпионатында үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алды.
Ұлттық құрама турнирдегі соңғы кездесуінде Оңтүстік Кореямен ойнап, қарсыласын 5:1 есебімен жеңді. Осы нәтиженің арқасында қазақстандық хоккейшілер құрлық біріншілігін жүлделі орынмен аяқтады.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы жарысты екі жеңіліспен бастаған еді. Алғашқы кездесуде отандастарымыз Жапонияға 0:4 есебімен жол берсе, екінші ойында Қытай құрамасынан 1:2 есебімен жеңілді.
Оңтүстік Кореяға қарсы кездесудегі жеңіс Қазақстан құрамасына Азия чемпионатының қола медалін алып келді.
Ал турнирдің алтын жүлдесі үшін Жапония мен Қытай құрамалары таласады.



