ҚЫСҚЫ СПОРТ

Жиренбаев әлем чемпионатында финалға өте алмады

Прагада өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Диас Жиренбаев ерлер арасындағы қысқа бағдарламада өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы 59.34 ұпай жинап, 35-орынға тұрақтады. Бұл нәтиже оған еркін бағдарламаға өтуге мүмкіндік бермеді. Финалдық кезеңге шығу үшін үздік 24 спортшы қатарына ену қажет еді.

Осылайша, Жиренбаев әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.

Қазіргі таңда аралық есепте Илья Малинин көш бастап тұр. Ал 27 наурыз күні әйелдер арасындағы жарыста Софья Самоделкина өз бағдарламасын ұсынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button