БОКСТРЕНДТЕ

Ақтауда Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі өтеді

15–19 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында қазақ боксының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді.

Ерлер мен әйелдер арасындағы жарыс биыл 18-рет ұйымдастырылады. Турнирге Қазақстаннан бөлек Түркия, Ресей, Қытай, Иран, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түркіменстан боксшылары қатысады.

Бұл бәсеке ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты қарсаңындағы маңызды жарыстардың бірі болмақ. Боксшылар Ақтаудағы турнирде өз дайындық деңгейін тексеруге мүмкіндік алады.

Жекпе-жектер Halyq Arena спорт сарайында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button