ҚЫСҚЫ СПОРТ
Қазақстандық алты биатлоншы Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады

Норвегияның Осло қаласында биатлоннан Әлем кубогының маусымдағы соңғы кезеңі өтеді.
Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады. Ел намысын алты спортшы қорғайды: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Милана Генева, Айша Ракишева және Лаура Киныбаева.
Ослодағы кезең 19–22 наурыз аралығында өтеді. Алғашқы жарыс – әйелдер арасындағы спринт. Ол Астана уақытымен 20:15-те басталады.



