ҚЫСҚЫ СПОРТ
Қазақстандықтар шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төрт рет үздік ондыққа енді
Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.
Әлем біріншілігінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары төрт рет үздік ондықтың қатарына енді.
Жекелей сында қазақстандық Илья Мизерных алтыншы орынға тұрақтады.
Әйелдер арасындағы командалық жарыста Анастасия Горунова, Алиса Седова, Алена Свириденко және Виктория Рулева жетінші нәтиже көрсетті.
Ал ерлер командалық сайысында Илья Мизерных, Даниил Калинкин, Артем Мешков және Давид Гааль алтыншы орын алды.
Сонымен қатар аралас командалар арасындағы жарыста да Қазақстан құрамасы үздік ондыққа енді. Бұл сайыста Илья Мизерных, Артем Мешков, Виктория Рулева және Алена Свириденко сегізінші орынға ие болды.



