ҚЫСҚЫ СПОРТ

Биатлон: Қазақстан әйелдер құрамасы Контиолахтидегі эстафетада 19-орын алды

Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды.

Жарыстың соңғы күні әйелдер арасында 4×6 шақырымдық эстафета өтті. Қазақстан құрамасы бұл сында Дарья Климина, Милана Генева, Айша Ракишева және Лаура Киныбаева құрамымен жарысқа қатысты.

Нәтижесінде қазақстандық биатлоншылар эстафетаны 19-орынмен аяқтады.

Эстафетада алтын медальді Швеция құрамасы жеңіп алды. Франция екінші орынға ие болса, Норвегия үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, биатлоннан Әлем кубогының келесі кезеңі Эстонияның Отепя қаласында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button