ҚЫСҚЫ СПОРТ
Илья Мизерных жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үздік алтылыққа енді

Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
Әлемдік дода аясында шаңғымен тұғырдан секіру жарыстары өтті.
Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасының ең үздік нәтижесін Илья Мизерных көрсетті. Ол 263 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.
Жарыс қорытындысы бойынша австриялық Штефан Эмбахер 296,5 ұпаймен чемпион атанды. Күміс медальді польшалық Кацпер Томасяк (287,3) иеленсе, америкалық Джейсон Колби 276 ұпаймен үшінші орынға ие болды.
Қазақстандық Артем Мешков жарысты 22-орында аяқтады. Ал Даниил Калинкин алғашқы секіру нәтижесі бойынша 42-орын алып, финалдық кезеңге өте алмады.



