ҚЫСҚЫ СПОРТ
Артур Смагулов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті

Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды.
Әлемдік дода аясында ерлер арасындағы жекелей сайыста қысқа бағдарлама өтті.
Қазақстан атынан Артур Смагулов өнер көрсетіп, төрешілер шешімімен 51,76 ұпай жинады. Осы нәтижемен қазақстандық спортшы 37-орынға тұрақтады.
Өкінішке қарай, ол еркін бағдарламаға жолдама ала алмады. Себебі келесі кезеңге қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша үздік 24 спортшы ғана өтеді.
Қысқа бағдарлама қорытындысында жапониялық Рио Накада көш бастап, 89,51 ұпай жинады. Ол осы жас санатындағы әлем рекордын жаңартты.



