ҚЫСҚЫ СПОРТ
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандық биатлоншылардың спринттегі нәтижелері

Германияның Арбер қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
Әлемдік дода аясында бозбалалар мен жасөспірімдер арасында спринт жарыстары өтті. Қазақстандық спортшылар бұл бәсекеде өз нәтижелерін көрсетті.
Бозбалалар арасында Кирилл Зотов 23-орын алды. Егор Немцев жарысты 49-орында аяқтаса, Евгений Полторанин 59-орынға ие болды. Ал Никита Дудченко 75-орыннан көрінді.
Жасөспірімдер санатында Захар Шкарин 39-орында мәреге жетті. Антон Редькин 59-орынға тұрақтаса, Эрик Шефер 78-орынға жайғасты. Богдан Авизов жарысты 84-орында аяқтады.
Айта кетейік, 4 наурыз күні осы бағдарлама бойынша қыздар арасындағы спринт жарысы өтеді.



