ҚЫСҚЫ СПОРТ
Қазақстан жасөспірімдері мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына қатысады

Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаудан Эстонияның Таллин қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді.
Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) жариялаған тізімге сәйкес, ел намысын келесі спортшылар қорғайды:
- Артур Смагулов
- Карина Шеина
Қосалқы құрам:
- Сафия Абаева
- Вероника Ким
- Анна Санникова
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 3–8 наурыз аралығында өтеді.



