ҚЫСҚЫ СПОРТ
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) Германияның Инцелль қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын құрамалардың тізімін жариялады.
Аталған дүниежүзілік біріншілікте Қазақстан намысын 10 спортшы қорғайды. Ұлттық құрама сапына төмендегі конькишілер енді:
- Кристина Шумекова
- Алина Шумекова
- Айзада Рымбек
- Михаил Бровко
- Руслан Жанаділов
- Варвара Глухова
- Вадим Чебардаков
- Анастасия Беловодова
- Михаил Матрюхин
- Денис Мезенцев
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Турнирде жас спортшылар маусымдағы басты додада жүлделерді сарапқа салады.



