ҚЫСҚЫ СПОРТ
Қазақстан шаңғышылары Олимпиаданың соңғы бәсекесінде мәреге жетпеді

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның ерлер құрамасы шаңғы жарысынан жарыс жолын тәмамдады.
Бағдарламадағы соңғы сайыс – классикалық әдіспен 50 шақырымға масс-старт болды. Бұл бәсекеде ел намысын Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков қорғады.
Алайда қазақстандық спортшылар қашықтықты толық бағындыра алмады. Башмаков 12,6 шақырымнан кейін жарысты тоқтатуға мәжбүр болса, Мұратбековті көшбасшылар бір айналымға басып озып, ол да мәреге жеткен жоқ.
50 шақырымдық масс-стартта норвегиялық Йоханнес Клебо жеңіске жетіп, осы Олимпиададағы барлық алты жарыста да алтын медаль иеленді. Күміс жүлде Мартин Нюэнгетке бұйырса, қола медальді тағы бір норвегиялық Эмиль Иверсен алды.



