ҚЫСҚЫ СПОРТ
Шорт-трек: Ольга Тихонова мен Яна Хан Олимпиададағы жарысын аяқтады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен әйелдер арасындағы 1500 метр қашықтықта ширек финалдық бәсекелер өтті.
Қазақстан құрамасының атынан бұл сында Ольга Тихонова мен Яна Хан өнер көрсетті.
Жартылай финалға жолдама алу үшін спортшылар өз тобында 1–3-орын алуы немесе төртінші орын иегерлері арасында уақыт көрсеткіші бойынша үздік нәтиже көрсетуі қажет еді.
Нәтижесінде Яна Хан өз жарысында бесінші орын алып, бәсекені аяқтады. Ал Ольга Тихонова төртінші нәтиже көрсеткенімен, жартылай финалға өте алмады.
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.



