ҚЫСҚЫ СПОРТ
Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров пен Геннадий Головкин Софья Самоделкинаға қолдау көрсетті

2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин Милан-Кортина Олимпиадасында өнер көрсеткен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкиинаға қолдау білдірді.
Олар жарыс өтетін мұз айдынына арнайы келіп, отандасымыздың бағдарламасын тікелей тамашалады. Бәсеке аяқталғаннан кейін Олимпиада чемпионы мен ҰОК басшысы спортшыға гүл шоғын табыстап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сондай-ақ Самоделкинаны жуырда өткен туған күнімен де құттықтады.
Айта кетейік, Софья Самоделкина екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 207.46 ұпай жинап, жалпы есепте 10-орынға тұрақтаған болатын.



