ҚЫСҚЫ СПОРТ
Олимпиада-2026: Самоделкина қысқа бағдарламада 12-орынға тұрақтады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсетті.
Отандасымыз төрешілер шешімі бойынша 68.47 ұпай жинап, аралық есепте 12-орынға орналасты.
Қысқа бағдарлама қорытындысында жапониялық Ами Накаи 78.71 ұпаймен көш бастады.
Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы еркін бағдарлама 19 ақпанда өтеді.
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.



