ҚЫСҚЫ СПОРТ

Тау шаңғысы: Ростислав Хохлов Олимпиададағы алғашқы жарысын аяқтай алмады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында ерлер арасындағы слалом жарысы өтті.

Қазақстан құрамасы сапынан Ростислав Хохлов сынға түсті. Алайда қазақстандық спортшы бірінші кезеңде жарыс жолын аяқтай алмай, бәсекені ерте тоқтатты.

Бұл жарыс Ростислав Хохлов үшін спорттық мансабындағы алғашқы Олимпиада болды.

Айта кетейік, слалом бағдарламасында жеңімпаз екі кезеңнің қорытынды уақыты бойынша анықталады.

Сурет: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button