ҚЫСҚЫ СПОРТ
Олимпиада-2026: Александра Скороходова слалом-гигантта 37-орын алды

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында тау шаңғысынан слалом-гигант жарысы өтті.
Бұл бағдарламада Қазақстан атынан Александра Скороходова ел намысын қорғады. Екі кезең қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 2:23.31 уақыт нәтижесін көрсетіп, 37-орынға тұрақтады.
Алтын медальды италиялық Федерика Бриньоне 2:13.50 нәтижесімен жеңіп алып, осы Олимпиададағы екінші чемпиондығын тіркеді. Күміс жүлде швециялық Сара Хектор мен норвегиялық Теа Луиз Стьернесуннге (2:14.12) бұйырды.
Сурет: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі



