ҚЫСҚЫ СПОРТ

Олимпиада-2026: Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта ширек финалға өте алмады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында шорт-тректен әйелдер арасындағы 1000 метр қашықтықтағы іріктеу жарысы аяқталды.

Бұл сында Қазақстан құрамасы атынан Ольга Тихонова өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы 1:31.771 уақыт нәтижесімен өз тобында төртінші орынға тұрақтады. Нәтижесінде ол ширек финалға жолдама ала алмады.

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button