ҚЫСҚЫ СПОРТ
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада 15-орын алды

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында әйелдер арасындағы 4×7,5 шақырымдық эстафета жарысы өтті.
Бұл сында Қазақстан намысын Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Надежда Степашкина және Дарья Ряжко қорғады.
Қазақстандық шаңғышы қыздар жарыс қорытындысы бойынша 15-орынға тұрақтады.
Алтын медальды Норвегия құрамасы жеңіп алды. Күміс жүлде Швецияға бұйырса, Финляндия үздік үштікті түйіндеді.
Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі



