ҚЫСҚЫ СПОРТ

Тау шаңғысы: Александра Скороходова 2026 жылғы Олимпиадада дебют жасады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында қазақстандық спортшылар тау шаңғысынан жарысты бастады.

Әйелдер арасындағы супергигант сайысында Қазақстан атынан Александра Скороходова өнер көрсетті. Отандасымыз 1:31.22 уақыт нәтижесін тіркеп, жарысты 25-орында аяқтады.

Алтын медальды италиялық Федерика Бриньоне (1:23.41) иеленді. Күміс жүлде франциялық Роман Мирадолиге (1:23.82) бұйырса, қола медальды австриялық Корнелия Хюттер (1:23.93) жеңіп алды.

Айта кетейік, Александра Скороходова алдағы уақытта слалом және алып слалом сайыстарына қатысады. Бұл — спортшының алғашқы Олимпиада ойындары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button