ҚЫСҚЫ СПОРТ
Фристайл-могул: үш қазақстандық спортшы 2026 жылғы Олимпиаданың финалына өтті

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы екінші іріктеу кезеңі аяқталды.
Ереже бойынша іріктеуде үздік он спортшы финалдық кезеңге тікелей жолдама алады. Екінші іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әмренова сынға түсті.
Қорытындысында Юлия Галышева 5-орынға, Анастасия Городко 7-орынға, ал Аяулым Әмренова 10-орынға тұрақтады. Осылайша үш қазақстандық могулшы да финалға жолдама алған 20 спортшының қатарына енді.
Айта кетейік, ақтық бәсеке бүгін, 11 ақпанда Астана уақытымен 18:15-те басталады.
Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі



