ҚЫСҚЫ СПОРТ
Шорт-трек: Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында шорт-тректен аралас эстафета бойынша ширек финалдық жарыстар өтті.
Қазақстан құрамасы соңғы, үшінші жарыста сынға түсті. Команда сапында Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және Яна Хан өнер көрсетті. Қазақстандықтар өз жарысында төртінші нәтиже көрсетті.
Ереже бойынша әрбір жарыстан алғашқы екі команда жартылай финалға жолдама алды. Сонымен қатар үшінші орын алған командалардың арасынан ең үздік уақыт көрсеткен тағы екі құрама келесі кезеңге өтті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы аралас эстафета бойынша бұл Олимпиада ойындарындағы өнерін аяқтады.
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі



