ҚЫСҚЫ СПОРТ
Шаңғы жарысы: қазақстандықтар 2026 жылғы Олимпиадада ерлер арасындағы спринтте жарысты аяқтады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында шаңғы жарысынан ерлер арасындағы спринт (классикалық стиль) бағдарламасы бойынша іріктеу кезеңі өтті.
Аталған сайысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысты. Виталий Пухкало іріктеу нәтижесі бойынша 75-орынға тұрақтады. Әміралі Мұратбеков 76-орын көрсетсе, Наиль Башмаков 85-нәтижемен жарысты аяқтады.
Ереже бойынша келесі кезеңге үздік 30 спортшы жолдама алғанымен, қазақстандық шаңғышылар бұл межеден өте алмады.



