ҚЫСҚЫ СПОРТ

Конькимен жүгіруден Қазақстан спортшылары Олимпиадада үздік ондыққа енді

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 3000 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынды.

Аталған жарыста Қазақстан атынан сынға түскен Надежда Морозова мен Елизавета Голубева жоғары нәтиже көрсетіп, үздік ондықтың қатарына кірді.

Надежда Морозова 4:01.200 уақыт көрсеткішімен алтыншы орынға, ал Елизавета Голубева 4:03.300 нәтижемен оныншы сатыға тұрақтады.

Олимпиада чемпионы атағын Италия спортшысы Франческа Лолобриджида жеңіп алды. Ол 3:54.280 уақыт көрсеткішімен Олимпиада рекордын жаңартты.
Күміс жүлде норвегиялық Рагне Виклундке (3:56.540), ал қола медаль канадалық Валери Мальтеке (3:56.930) бұйырды.

Қазақстандық конькишілердің бұл нәтижесі Олимпиада аренасында ел құрамасының бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетті.

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button