Александра Скороходова Германиядағы FIS турнирінде үздік ондыққа кірді

Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова тау шаңғысынан Германияның Гармиш-Партенкирхен қаласында өткен FIS халықаралық турнирінде табысты өнер көрсетті.
Аталған жарыста ел намысын Александра Скороходова мен Ростислав Хохлов қорғады. Айта кетейік, қос спортшы да 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысады.
Скороходова үлкен жылдамдықпен төмен түсу сайысында мәреге сегізінші болып жетсе, супер-гигант дисциплинасында алтыншы орынды иеленіп, үздік ондыққа енді.
Ерлер арасында Ростислав Хохлов үлкен жылдамдықпен төмен түсу жарысында екі мәрте сынға түсіп, 12 және 15-орындарға тұрақтады. Ал супер-гигантта 23-нәтижені көрсетті.
Қазақстандық тау шаңғышылардың бұл нәтижелері алдағы ірі халықаралық жарыстар қарсаңындағы дайындық деңгейін айқын көрсетті.



