ҚЫСҚЫ СПОРТ

Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатын ТОП-5 нәтижемен аяқтады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдың Бейжің қаласында өткен Төрт құрлық чемпионатында үздік бестіктің қатарына енді.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша төртінші орында тұрған отандасымыз еркін бағдарламада 175,65 ұпай жинады. Екі бағдарламаның нәтижесі бойынша Шайдоровтың жалпы көрсеткіші 266,20 ұпайды құрап, жарысты бесінші орынмен тәмамдады.

Чемпионатта жапониялық Као Миура топ жарды. Күміс жүлде Оңтүстік Корея өкілі Ча Джун Хванға бұйырса, қола медальды Жапония спортшысы Сота Ямамото иеленді.

Қазақстан құрамасының өзге өкілдері Диас Жиренбаев 20-орынға, ал Олег Мельников 21-сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсететін негізгі спортшылардың бірі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button