ҚЫСҚЫ СПОРТ
Евгений Кошкин Инцелльдегі Әлем кубогында төртінші орынмен шектелді

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден маусымның шешуші Әлем кубогы кезеңі жалғасуда.
Ерлер арасындағы 500 метр қашықтықта Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин жүлдеге өте жақын нәтиже көрсетті. Ол мәреге 34,34 секундта жетіп, қорытынды есепте төртінші орын алды.
Алтын медальді 34,09 секунд нәтижемен Польшаның спортшысы Дамиан Журек иеленді. Күміс жүлде америкалық Джордан Штольцқа бұйырды (34,26). Эстония өкілі Мартен Лийв 34,29 секунд көрсетіп, үздік үштікті түйіндеді.
Аталған кезең 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары қарсаңындағы соңғы ірі халықаралық жарыс саналады.



