ҚЫСҚЫ СПОРТ

Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында үздік ондыққа енді

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Қытайдың Бейжің қаласында өткен Төрт құрлық чемпионатындағы жарысын аяқтады.

Еркін бағдарламада Софья 120,22 ұпай жинады. Қысқа және еркін бағдарламалар қорытындысы бойынша оның жалпы нәтижесі 182,51 ұпайды құрап, қазақстандық спортшы жалпы есепте тоғызыншы орынға ие болды.

Бұл чемпионатта Қазақстан атынан Амира Ирматова да өнер көрсетті. Ол 123,20 ұпай жинап, жарысты 21-орынмен аяқтады.

Жарыстың жүлделі орындарын Жапония құрамасының өкілдері бөлісті. Юна Аоки 217,39 ұпаймен чемпион атанса, Ами Накай 215,78 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Моне Тиба 202,23 ұпаймен қола медаль иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button