ҚЫСҚЫ СПОРТ
Қазақстан құрамасы биатлоннан Әлем кубогында ерлер эстафетасына қатысады

Рупольдингте (Германия) биатлоннан Әлем кубогының кезеңі жалғасуда. Турнир бағдарламасына сәйкес, 15 қаңтар күні ерлер арасында 4×7,5 шақырымдық эстафета жарысы өтеді.
Қазақстан құрамасы бұл бәсекеге келесі құраммен қатысады:
-
Владислав Киреев
-
Кирилл Бауэр
-
Вадим Куралес
-
Александр Мухин
Эстафетаның басталу уақыты — Астана уақытымен 18:30.
Еске салайық, осы кезеңде өткен әйелдер эстафетасында Қазақстан құрамасы 18-орын алған болатын.



