ҚЫСҚЫ СПОРТ
Асылхан Асан АҚШ-тағы Әлем кубогында үздік ондыққа енді

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезеңі аяқталды.
Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының спортшысы Асылхан Асан үздік ондыққа еніп, 10-орыннан көрінді. Командадағы тағы бір қазақстандық Роман Иванов 11-орынға ие болды.
Қазақстан құрамасының басқа спортшыларының нәтижесі төмендегідей:
-
Дінмұхамед Райымқұлов — 14-орын
-
Шерзод Хаширбаев — 23-орын
-
Ұланбәкір Өмірзақов — 31-орын



