ҚЫСҚЫ СПОРТ

Қысқы Олимпиадаға қатысатын қазақстандық шаңғышы қыздардың есімдері анықталды

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық шаңғышы қыздардың есімдері белгілі болды. Бұл туралы ұлттық құрама баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық шаңғы федерациясы (FIS) әлем чемпионатының нәтижелері бойынша елдерге арналған квоталарды бөлсе, әр мемлекеттің құрамасы жарысқа қатысатын спортшылардың нақты тізімін өзі анықтайды.

Щучьеде өткен Қазақстан кубогының қорытындысына сәйкес ұлттық құрама төмендегі спортшылардан жасақталды:

Ксения Шалыгина

Надежда Степашкина

Анна Мельник

Аталған спортшылар Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button