Қазақстан фристайл-акробатикадан Канададағы Әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады
Канаданың Лак-Бопор қаласында фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезеңі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы екі жарыс күніне қатысып, нәтижелерін қорытындылады.
Алғашқы жарыс күнінде қазақстандық спортшылардың көрсеткіштері төмендегідей болды:
-
Шерзод Хаширбаев — 24-орын,
-
Ұланбәкір Өмірзақов — 30-орын,
-
Асылхан Асан — 31-орын,
-
Дінмұхамед Райымқұлов — 32-орын,
-
Роман Иванов — 33-орын,
-
Аяна Жолдас — 28-орын.
Араға бір күн салып өткен келесі жарыс кезеңінде көрсеткіштер келесідей өзгерді:
-
Асылхан Асан — 15-орын,
-
Шерзод Хаширбаев — 24-орын,
-
Роман Иванов — 27-орын,
-
Дінмұхамед Райымқұлов — 30-орын,
-
Ұланбәкір Өмірзақов — 36-орын,
-
Аяна Жолдас — 26-орын.
Лак-Бопордегі кезең фристайл-акробатикадан жаңа маусымдағы алғашқы ірі халықаралық жарыстардың бірі саналады. Қазақстандық спортшылар енді келесі Әлем кубогы кезеңдерінде рейтингілік ұпайлар үшін күресті жалғастырады.



