ҚЫСҚЫ СПОРТ

Фристайл-акробатикадан Канададағы Әлем кубогы кезеңіне қатысатын ұлттық құраманың тізімі жарияланды

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Канаданың Лак-Бопор қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады. Халықаралық жарыс 6–7 қаңтар аралығында ұйымдастырылады.

Аталған Әлем кубогы кезеңінде ел намысын келесі спортшылар қорғайды:

  • Шерзод Хаширбаев

  • Асылхан Асан

  • Ұланбәкір Өмірзақов

  • Дінмұхамед Райымқұлов

  • Роман Иванов

  • Аяна Жолдас

Лак-Бопордағы кезең фристайл-акробатикадан маусымның маңызды жарыстарының бірі саналады. Әлемнің үздік спортшылары қатысатын бәсекеде рейтингтік ұпайлар сарапқа салынып, алдағы басты халықаралық старттар алдындағы спортшылардың дайындығы сыналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button