ҚЫСҚЫ СПОРТ
Шаңғымен тұғырдан секіруден Германиядағы Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтардың нәтижесі

Германияның Оберстдорф қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды.
Финалдық кезеңге Қазақстан құрамасынан екі спортшы жолдама алды. Жарыс қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижені Илья Мизерных көрсетті — ол 24-орынға тұрақтады.
Ал Данил Васильев финалда 45-орынмен жарысты аяқтады.
Айта кетейік, Оберстдорфтағы кезең шаңғымен тұғырдан секіру маусымындағы маңызды бәсекелердің бірі саналады және спортшылардың әлемдік рейтингтегі орнына тікелей әсер етеді.



