ҚЫСҚЫ СПОРТ

Шаңғымен тұғырдан секіру: қазақстандықтар Әлем кубогының финалына жолдама алды

Германияның Оберстдорф қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогы кезеңі басталды.

Ерлер арасындағы іріктеу жарысына Қазақстан атынан Данил Васильев пен Илья Мизерных қатысты. Екі спортшы да іріктеуден сүрінбей өтіп, финалдық кезеңге шықты.

Іріктеу қорытындысы бойынша Данил Васильев 38-орынға тұрақтаса, Илья Мизерных 42-орынды иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 29 желтоқсанда анықталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button