ҚЫСҚЫ СПОРТ
Биатлоннан IBU кубогы: қазақстандықтардың спринт пен масс-старттағы нәтижелері

Швейцарияның Ленцерхайде қаласында биатлоннан IBU кубогының кезеңі өз мәресіне жетті. Аталған жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары спринт және масс-старт дисциплиналарында бақ сынады.
Әйелдер арасындағы спринт жарысында Айша Ракишева 34-орынға тұрақтады. Лаура Қыныбаева мәреге 50-ші болып жетсе, Полина Егорова 73-орынды, ал Адима Қуанышбекова 96-орынды иеленді. Ерлер арасындағы спринтте Никита Акимов 48-нәтиже көрсетіп, Кирилл Бауэр 89-шы, Егор Гребенщиков 94-орынмен жарысты аяқтады.
Масс-старт сайысында Айша Ракишева 57-орынға жайғасса, Лаура Қыныбаева 59-шы нәтиже көрсетті. Ерлер арасында Никита Акимов 56-орыннан көрінді.



