ҚЫСҚЫ СПОРТ
Қазақстандық биатлоншылар Франциядағы Әлем кубогы кезеңін жүлдесіз аяқтады

Францияның Анси-ле-Гран-Борнан қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі мәресіне жетті.
Бұл турнирде жүлделер үш бағдарламада — спринт, із кесу және масс-старт сайыстарында сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы тек спринт жарыстарына қатысты.
Ерлер арасындағы спринтте қазақстандық спортшылар келесі нәтижелерді көрсетті:
Владислав Киреев — 75-орын,
Вадим Куралес — 95-орын,
Әсет Дүйсенов — 99-орын.
Әйелдер спринтінде:
Милана Генёва — 83-орын,
Алина Скрипкина — 91-орын,
Дарья Климина — 93-орын.
Аталған нәтижелер бойынша қазақстандық биатлоншылар із кесу жарысына жолдама ала алмады. Сондай-ақ ұлттық құрама бұл кезеңде масс-старт сайысына қатысқан жоқ.



