ҚЫСҚЫ СПОРТ
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы: қазақстандықтардың Рукадағы көрсеткіші

Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан өткен Еуропа кубогы кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы өнер көрсетті.
Жарыстың екінші күнінде ел намысын үш қазақстандық спортшы қорғады. Нәтижесінде Роман Погосян 11-орынға тұрақтады. Максим Попов 16-орынмен жарысты аяқтаса, Әмірлан Кәрімбаев 17-нәтиже көрсетті.
Еуропа кубогы кезеңінде жеңіс канадалық Габриэль Дионға бұйырды. Күміс жүлдені тағы бір Канада өкілі Эллиот Премье иеленсе, қола медаль швейцариялық Андрин Лаберге табысталды.



